Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Ілияс Жансүгіров. Күйші.mobi.rar Күйші Ілияс Жансүгіров Поэма Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында он саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінің құдіретін жыр өрнегімен асқан ақындық шеберлікпен суреттеген. Поэмада ақын халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. Күйші Кене ханның ақ ордасында дүйім жұрт алдында «домбыраны дірілдетіп», жиылған қауымды тамсандыра өнер көрсетеді, күйге де, өзіне де таңдай қақтыра сүйсіндіреді. Сол күйлердің құдіретіне «қырдағы қоян, құлан, құлақ тігіп, қамыстан жолбарыс та ыңыранды», «табиғатта тып-тыныш бола қалды» деп өрнектейді. Алуан үнде сөйлеген күйге айналадағы бар жан құлақ түре сүйсінді. Күйші жігіттің күйі қолында ақ найзасы жарқылдаған, қол бастаған қас батыр Кене ханды да бейжай қалдырмайды.
/Content/Books/Дон Кихот І. Мигель де Сервантес.mobi.rar Дон Кихот І Мигель де Сервантес Роман 1605 және 1615 жылдары екі бөлімі бірінші рет басылып шыққан «Дон Кихот» кеш болса да, Мигель де Сервантеске орасан зор әдеби атақ алып келді. Содан бері бұл шығарма аңыз мәртебесіне жетіп, әлем әдебиетіндегі ең бірінші заманауи роман болып саналады.
/Content/Books/Дон Кихот ІІ. Мигель де Сервантес.mobi.rar Дон Кихот ІІ Мигель де Сервантес Роман Ламанчалық Дон Кихот мырзаның рыцарьлық романдарға ғашық болғаны сонша, тіпті өзі де рыцарь болуға шешім қабылдайды. Ол өзінің адал қару асынусышысы Санчо Пансыменен бірге Дульсинея Тобосскаяға деген махаббаты атына ерлік жасау үшін жихан кезуге аттанады.Олардың ерекше саяхаты бүкіл әлем оқырмандарын , міне, төрт жүзден астам жыл бойы баурап келеді.

Ақпан Наурыз айында программирование бойынша курсымды ашамын. Жазыламын десеңіз, төмендегі форма сіз үшін:

https://forms.gle/NZ6H6zzDEAqHf2319

https://www.instagram.com/murat.km_ - менің инстаграмм парақшам 10-ші(шы) парақша