Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Абай жолы. IV кітап.mobi.zip Абай жолы. IV кітап Мұхтар Әуезов Роман-эпопея Алаш қайраткерлері ішінде ұлт даңқын көтергендердің бірі һәм бірегейі - Мұхтар Әуезов. Ол халықтың рухани аманатын ұрпағына бүкпесіз қалдырған қаламгер - Абайдың шынайы бейнесін аша білді. Әуезов - Абайдың өмірінен тұтас бір тарих жасап шыққан ұлы ойшыл, бір шығармаға ғасырлық тарихты сыйдыра білген жазушы. Оның суреткерлігі бір төбе болса, адамгершілігі де бір төбе. Шыңғыс Айтматовтың «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - «Манас», бірі - «Мұхтар Әуезов», - деуі осыны айғақтайды. Мұхтар Әуезовтың қандай шығармасын алсақ та, «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім» сияқты қысқа бірақ ұлы дүниесінен жазушылардың бәріне бірдей бұйыра бермейтін суреткерлік шеберлікті көреміз. Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24878
/Content/Books/Жабайы алма. Сайын Мұратбеков.mobi.rar Жабайы алма Сайын Мұратбеков Повесть Қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың 60-шы жылдары келген Сайын Мұратбеков шығармашылығы адам-қоғам-таным үштігін паш етуге күш салады. Адам баласының бұла шағы – балалықтың алтын елестерін оқырманның көз алдына әкеледі. Соғыстан кейінгі елдің басындағы хал-ахуалды суреттейтін «Жабайы алма» қалың оқырманға арналған.
/Content/Books/Сайын Мұратбеков. Жусан иісі.mobi.rar Жусан иісі Сайын Мұратбеков Повесть «Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған повесть. Шығарма сюжеті Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғалар. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткен. Жазушы Аянның ішкі болмысынан, тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасынан таратып баяндайды. «Жусан иісі» повесі қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.

https://www.instagram.com/murat96km - менің инстаграммым, жазылыңыздар 13-ші(шы) парақша