Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Ботагөз. Сәбит Мұқанов.mobi.zip Ботагөз Сәбит Мұқанов Роман «Ботагөз» романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсетуге арналды. Ең алдымен, ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі бірінші көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдамы таусылған кезде, Россиядағы революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығымен байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Роман адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қызықты сюжет, шиеленіскен тартысқа құра отырып, халықтың жуан ортасынан шыққан жаңа адамдарды: Амантай, Асқар сықылды қазақ революционерлерін, олардың өсу жолдарын, орыс революционерлерімен байланыс, олардың басшылық қамқорлығын шындық бейнеде суреттеп, сан алуан оқиғаны заңды түрде өрістетіп, дәлелді шешуін таба білді.
/Content/Books/Тар жол, тайғақ кешу. Сәкен Сейфуллин.mobi.zip Тар жол, тайғақ кешу Сәкен Сейфуллин Роман-эссе Бұл кітапты оқуға кіріскен адам мазмұндау 1916 жылғы көтерілістің айналасында болатынын білгені жөн. Және де сол кезеңдегі Қазақстан жеріндегі саяси жағдайдан мәлім болған артық бола қоймас. Бірақ, ең маңыздысы әрі қызықтысы, 1936, 1960, 1977 жылдардағы басылымдарда 1927 жылғы түпнұсқадағы "Алашорданың зиялылары, ақ жағалылар, көк жағалылар, қазақтың оқығандары" - "байшылдар, феодалдар, Кеңес үкіметі жаулары" боп біртіндеп өзгеріп келе береді. Түпнұсқада: "...Оқыған мырзалар, оқып жүрген мырза болам деушілер Бөкейханның жолын тосып қарсы алды... Омбыда, Семейде Әлекеңді Құдайдан сұрап алған жалғыздай құттықтады..." болса, 1977 жылғы нұсқасында: "...Оқыған ұлтшыл мырзалар, оқып жүрген мырзалар болам деушілер бай ниетті «ұлдары» Бөкейханның жолын тосып қарсы алды... Омбыда, Семейде Бөкейхановты Әлекеңді байшыл-ұлтшылдар сәжделер Құдайдан сұрап алған жалғыздай құттықтады құрметтеп жатты..." болып өзгертіледі. Сондықтан да қатыгез цензура менен жаппай пропаганда не нәрсеге әкелетінін қазақ халқы ұмытпауға тиіс.
/Content/Books/Ақ боз үй. Смағұл Елубай.mobi.rar Ақ боз үй Смағұл Елубай Роман Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясы – ашаршылық, сталиндік қуғын- сүргін, тоқырау заманын қамтыған ең ірі көркем туындылардың бірі. Жазушы бұл еңбегінде ерекше суреткерлігімен, трилогиясының көркем құрылымымен көзге түседі. Автор Кеңес кезінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалын, «асыра сілтеудің» елге әкелген зардабын шебер суреттеп, ел басқарып отырғандардың жағымсыз қылықтарын, пасықтығы мен әділетсіздіктерін әшкерелей жазады.Жазушы оты­зыншы жылдардағы «ақтаңдақтар», «қарадақтар» мил­лион­ даған жазықсыз жандардың аштан қырылып, қуғын-сүргінге ұшыраған кезеңінің, Ұлы Отан соғы­сы­ның зардаптары, одан бергі тұралау, тоқырау заманы тари­ хының кең ауқымды панорамасын жасай білген. Романды оқып отырғанда халықтың «Елім-айлап» зар жылағанын, күңіренген үнін естігендей боласыз. Аштан бұралып қырылып жатқан бала-шаға, шал-кемпір, жазықсыз қиянат көрген ер азаматтың тартқан жан азабы тап кинодағыдай көз алдыңызға келіп, төбе құйқаңыз шымырлайды. Зілбатпан салмақ түскен жүрегіңіз төс сүйегіңізді тесіп шығардай тепкіленіп, бұлқынады. Халыққа қасірет әкелген қатыгез заманға екі қолыңды теріс жайып, қарғыс айтқың келеді. Толығырақ: http://adebiportal.kz/kz/news/view/3608

https://www.instagram.com/murat96km - менің инстаграммым, жазылыңыздар 14-ші(шы) парақша