Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Боран. Тахауи Ахтанов.mobi.rar Боран Тахауи Ахтанов Роман Т.Ахтанов романында табиғат көрінісі қаһарманның көзімен, көңіл-түйсігімен орайлас беріледі. Баяндау менен кейіпкердің көңіл күйлері астарласа, қатарласа жүріп отырады. Көлемі шағын романға бірталай тұлғаның өмір тәжірибесі, тағдыры, күрес-тайталасы, өзара араласу тарихы сыйып кетуі кейіпкерлердің сыртқы, ішкі кескінін гармониялы бірлікте беруіне байланысты. Қаһарманн бүгінгісі мен бұрынғысын жымдастырып көрсетуі шынайы шеберлікті дәлелдейді. Европа романдарының тәжірибесін творчестволық жолмен пайдалана білу, көркем, қою тіл, характерлерді әлеуметтік тип дәрежесіне көтеріп, жан-жақты мінездеу - жазушы романын бүгінгі әдебиеттің жаңа жетістігі дегізеді.
/Content/Books/Фариза Оңғарсынова өлеңдері.mobi.rar Фариза Оңғарсынова өлеңдер жинағы Фариза Оңғарсынова Өлеңдер Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
/Content/Books/Мақал-мәтелдер.mobi.rar Мақал-мәтелдер жинағы Халық Мақал-мәтел Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз.

https://www.instagram.com/murat96km - менің инстаграммым, жазылыңыздар 15-ші(шы) парақша