kitaptar.org
Біз туралы
Авторлық құқық иелеріне
Кіру
Кітаптар тізімі
Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.
Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз
Кітаптың атауы:
Атауы
Автор
Жанр
Аннотация
Адам балық
Александр Беляев
Роман
Алыс қиырдағы ыстық елде су жағасындағы жартастың ұшар басында бір үй тұр. Бұл үйде Құдай өмір сүреді. Жергілікті аборигендер өзінің ізгі еңбегімен кедей шаруалар мен балықшыларға көмек жасайтын данышпан хирург – доктор Сальваторды осылайша атайды. Бірде доктор Сальватор кішкентай баланың өмірін акуланың желбезегін трансплантациялау арқылы сақтап қалады. Содан кейін баланы өзіне қалдырып, оны өзі тәрбиелей бастады. Осылайша амфибия-адам Ихтиандр пайда болды.
Ақ боз үй
Смағұл Елубай
Роман
Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясы – ашаршылық, сталиндік қуғын- сүргін, тоқырау заманын қамтыған ең ірі көркем туындылардың бірі. Жазушы бұл еңбегінде ерекше суреткерлігімен, трилогиясының көркем құрылымымен көзге түседі. Автор Кеңес кезінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалын, «асыра сілтеудің» елге әкелген зардабын шебер суреттеп, ел басқарып отырғандардың жағымсыз қылықтарын, пасықтығы мен әділетсіздіктерін әшкерелей жазады.Жазушы отызыншы жылдардағы «ақтаңдақтар», «қарадақтар» миллион даған жазықсыз жандардың аштан қырылып, қуғын-сүргінге ұшыраған кезеңінің, Ұлы Отан соғысының зардаптары, одан бергі тұралау, тоқырау заманы тари хының кең ауқымды панорамасын жасай білген. Романды оқып отырғанда халықтың «Елім-айлап» зар жылағанын, күңіренген үнін естігендей боласыз. Аштан бұралып қырылып жатқан бала-шаға, шал-кемпір, жазықсыз қиянат көрген ер азаматтың тартқан жан азабы тап кинодағыдай көз алдыңызға келіп, төбе құйқаңыз шымырлайды. Зілбатпан салмақ түскен жүрегіңіз төс сүйегіңізді тесіп шығардай тепкіленіп, бұлқынады. Халыққа қасірет әкелген қатыгез заманға екі қолыңды теріс жайып, қарғыс айтқың келеді. Толығырақ: http://adebiportal.kz/kz/news/view/3608
Ақбілек
Жүсіпбек Аймауытов
Роман
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі.
https://www.instagram.com/murat.km_
- менің инстаграммым, жазылыңыздар
«
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
…
»
»»
3-ші(шы) парақша