Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Ақиқат пен аңыз. Әзілхан Нұршайықов.mobi.zip Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов Роман-диалог Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.
/Content/Books/Ақселеу Сейдімбеков. Алпамыс Батыр.mobi.rar Алпамыс батыр Ақселеу Сейдімбеков Ертегі Халық ауыз әдебиетін телегей-теңіз мол мұра десек, сол теңізді құрайтын аса ауқымды арнаның бірі – эпикалық жырлар. Ал солардың ішіндегі ең бір келісті де көрнектісі «Алпамыс батыр» жыры екені даусыз. Автор осы жауһар туындыны оның көркемдігі мен сурет-бояуына қылаудай да залал тигізбей, әсер-сезімін еш төмендетпей, бірақ ойлау, пайымдау, саралау, қабылдау қабілеті әлі толық қалыптасып үлгермеген жас жеткіншектердің таным-түсінігіне лайықтап, қара сөзбен әсерлі баяндап шыққан. Шығарманың тілі де тартымды, ұғынықты, қарапайым.
/Content/Books/Міржақып Дулатұлы. Бақытсыз Жамал.mobi.rar Бақытсыз Жамал Міржақып Дулатұлы Роман Халық тағдыры М. Дулатовтың прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді.

https://www.instagram.com/murat96km - менің инстаграммым, жазылыңыздар 4-ші(шы) парақша