Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Владимир Арсеньев. Дерсу Узала.mobi.rar Дерсу Узала Владимир Арсеньев Саяхат Орыс халқының талантты саяхатшысы В.К. Арсеньевтің есімін әлемге әйгілі еткен – осы «Дерсу Узала» атты шығармасы. Бұл ғажайып туынды жарық көрген күннен бастап, оның шығармасының сүйікті кейіпкері – Дерсу Узала, ересектер мен жасөспірімдердің жүрегінде ерекше орын алып, қиялдарына қиял қосты. Кітапта Уссурий өлкесіне жасалған тұңғыш экспедиция, адам аяғы әлі баспаған жерлерді жүріп өткен ержүрек саяхатшы мен оның досы, құралайды көзге ататын мерген, ізкесер аңшы Дерсу Узала туралы қызықты да көркем, көзбен көріп, қолмен ұстаған өмірлік тәжірибеге сүйенген деректер негізінде баяндалады. Бұл кітапты оқи отырып ғасырлар бойы табиғатпен етене өмір сүріп, онымен біте қайнасып, тілін ұққан ұлы мәдениет иесі – Дерсу Узаланың биік парасаты мен адамшылығына, жан-жануар мен қоршаған ортаға деген шексіз де шетсіз махаббатына таң қаласың.
/Content/Books/Ұлпан. Ғабит Мүсірепов.mobi.rar Ұлпан Ғабит Мүсірепов Повесть Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселесі де қалыс қалмаған. Ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды үйретеді. https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/266830-rbir-yz-balasy-o-uy-tiis-kitaptar
/Content/Books/Робинзон Крузо. Даниэль Дефо.mobi.rar Робинзон Крузо Даниэль Дефо Тарихи жанр Адам баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо адамзат өркениетінің бүкіл жүріп өткен жолын қайта өткеріп, өз тіршілігін қалпына келтіреді. Еріксіз жалғыз ғұмыр кешуге мәжбүр болған талайсыз қаһарман ойлануға мұрсат алып, басына түскен қиындықтың себебіне үңілу арқылы тәубасына келіп, құдай жолына түседі. Жүрегіне иман орнап, жаны тыныштық тапқан Крузо қауіпті де алмағайып жалғызілікті ғұмырында пешенесіне жазылған адам төзгісіз қиындықтардың бәріне төтеп береді. Адамның ақыл-парасаты мен ерік-жігерінің сынға түсіп, шар болаттай шыңдалуының әдеби-көркем баянының үздік үлгісін алдымызға жайып салады.

Ақпан Наурыз айында программирование бойынша курсымды ашамын. Жазыламын десеңіз, төмендегі форма сіз үшін:

https://forms.gle/NZ6H6zzDEAqHf2319

https://www.instagram.com/murat.km_ - менің инстаграмм парақшам 5-ші(шы) парақша