Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Balalyk' shak'k'a saiakhat.rar Балалық шаққа саяхат Бердібек Соқпақбаев Балалар поэзиясы. Драма. Қазақтың классик жазушысы Б.Соқпақбаевтың кез-келген туындысын оқыған адам шынайы сурет пен баланың аңғал мінезімен өрілген ауқымды тақырыптың астарына жолығады. Шебер суреткердің әйгілі шығармаларының қатарында «Балалық шаққа саяхат» повесінің орны бөлек.
/Content/Books/Боран. Тахауи Ахтанов.mobi.rar Боран Тахауи Ахтанов Роман Т.Ахтанов романында табиғат көрінісі қаһарманның көзімен, көңіл-түйсігімен орайлас беріледі. Баяндау менен кейіпкердің көңіл күйлері астарласа, қатарласа жүріп отырады. Көлемі шағын романға бірталай тұлғаның өмір тәжірибесі, тағдыры, күрес-тайталасы, өзара араласу тарихы сыйып кетуі кейіпкерлердің сыртқы, ішкі кескінін гармониялы бірлікте беруіне байланысты. Қаһарманн бүгінгісі мен бұрынғысын жымдастырып көрсетуі шынайы шеберлікті дәлелдейді. Европа романдарының тәжірибесін творчестволық жолмен пайдалана білу, көркем, қою тіл, характерлерді әлеуметтік тип дәрежесіне көтеріп, жан-жақты мінездеу - жазушы романын бүгінгі әдебиеттің жаңа жетістігі дегізеді.
/Content/Books/Borandy biekiet - Shyn'g'ys Aitmatov.mobi.rar Боранды бекет (Ғасырдан да ұзақ күн). Құс жолы Шыңғыс Айтматов Роман «Боранды бекетте» тіршілігі қызу қайнап жатқан әлдебір бірнеше кеңістіктер бар сияқтанады: Боранды бекеті, Сарыөзек, ел, Жер планетасы мен оның төңірегіндегі ғарыш. Осы кеңістіктердің тоғысында жазушы қаламынан бас кейіпкер Боранды Едігенің образы туады. Едіге Жангелдин – қырық жыл бойына Сарыөзек тысына шығып көрмеген, соғыстың бар азабы мен қазасын көрген қарапайым темір жол жұмысшысы. Айтматов ХХ ғасырдағы адамзат басына түскен барлық ауыртпалықты, қайғы-қасіретті осы Едігенің бойына жинақтап береді.

https://www.instagram.com/murat.km_ - менің инстаграммым, жазылыңыздар 5-ші(шы) парақша