Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Ботагөз. Сәбит Мұқанов.mobi.zip Ботагөз Сәбит Мұқанов Роман «Ботагөз» романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсетуге арналды. Ең алдымен, ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі бірінші көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдамы таусылған кезде, Россиядағы революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығымен байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Роман адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қызықты сюжет, шиеленіскен тартысқа құра отырып, халықтың жуан ортасынан шыққан жаңа адамдарды: Амантай, Асқар сықылды қазақ революционерлерін, олардың өсу жолдарын, орыс революционерлерімен байланыс, олардың басшылық қамқорлығын шындық бейнеде суреттеп, сан алуан оқиғаны заңды түрде өрістетіп, дәлелді шешуін таба білді.
/Content/Books/Граф Монте-Кристо. Александр Дюма.mobi.zip Граф Монте-Кристо. Александр Дюма Роман Кеме капитанының өлер алдындағы еркін орындаған Марсель теңізшісі Эдмон Дантес Парижге хат жеткізеді. Портқа келіп, Дантес көрші ауылдың қызы Мерседеске үйленуге ниет білдірген. Бірақ жау зұлымдығы кесірінен ол Иф қамалына тұтқынға түседі. Ұзақ 14 жыл Дантес кек алу жоспарын ойлаумен қараңғы казематтарда өткізеді.
/Content/Books/Гулливердің саяхаттары.   Джонатан Свифт.mobi.zip Гулливердің саяхаттары Джонатан Свифт Ғажайып оқиғалы роман 1726 жылы, «Робинзон Крузодан» кейін арада бар-жоғы жеті жыл өткен кезде, абырой-даңқы Дефо шығармасынан кем түспейтін осы «Гулливердің саяхаттары» өмірге келген еді. Мұнда әуелде оташы, кейіннен бірталай кемеге капитан болған Гулливердің дүниенің . түкпіріндегі бірнеше елге жасаған қызықты саяхаттары баяндалады Бұл шығарма - бір жағынан әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар жайындағы өткір мазмұнды роман-памфлет. Балаларға ғана емес, үлкендерді де терең ойға бастайтын сатиралық-философиялық тамаша туынды.

Ақпан Наурыз айында программирование бойынша курсымды ашамын. Жазыламын десеңіз, төмендегі форма сіз үшін:

https://forms.gle/NZ6H6zzDEAqHf2319

https://www.instagram.com/murat.km_ - менің инстаграмм парақшам 6-ші(шы) парақша