Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Джон Голсуорси. Девондық адам.mobi.rar Девондық адам Джон Голсуорси Проза Кітапқа ағылшын сынау реализмінің өкілі Джон Голсуорсидің (1867-1933) "Девондық адам", "Алманың албырып піскeн шағы", "Бoпса", "Біріншілeр мeн ақырғылар" секілді ең танымал новеллалары енгізілген. Капиталистік әлемнің кейіпсіз құбылыстарын және кедейлердің тағдырын сипаттау - автор көтерген негізгі тақырыптар болып табылады.
/Content/Books/Владимир Арсеньев. Дерсу Узала.mobi.rar Дерсу Узала Владимир Арсеньев Саяхат Орыс халқының талантты саяхатшысы В.К. Арсеньевтің есімін әлемге әйгілі еткен – осы «Дерсу Узала» атты шығармасы. Бұл ғажайып туынды жарық көрген күннен бастап, оның шығармасының сүйікті кейіпкері – Дерсу Узала, ересектер мен жасөспірімдердің жүрегінде ерекше орын алып, қиялдарына қиял қосты. Кітапта Уссурий өлкесіне жасалған тұңғыш экспедиция, адам аяғы әлі баспаған жерлерді жүріп өткен ержүрек саяхатшы мен оның досы, құралайды көзге ататын мерген, ізкесер аңшы Дерсу Узала туралы қызықты да көркем, көзбен көріп, қолмен ұстаған өмірлік тәжірибеге сүйенген деректер негізінде баяндалады. Бұл кітапты оқи отырып ғасырлар бойы табиғатпен етене өмір сүріп, онымен біте қайнасып, тілін ұққан ұлы мәдениет иесі – Дерсу Узаланың биік парасаты мен адамшылығына, жан-жануар мен қоршаған ортаға деген шексіз де шетсіз махаббатына таң қаласың.
/Content/Books/Дон Кихот І. Мигель де Сервантес.mobi.rar Дон Кихот І Мигель де Сервантес Роман 1605 және 1615 жылдары екі бөлімі бірінші рет басылып шыққан «Дон Кихот» кеш болса да, Мигель де Сервантеске орасан зор әдеби атақ алып келді. Содан бері бұл шығарма аңыз мәртебесіне жетіп, әлем әдебиетіндегі ең бірінші заманауи роман болып саналады.

Ақпан Наурыз айында программирование бойынша курсымды ашамын. Жазыламын десеңіз, төмендегі форма сіз үшін:

https://forms.gle/NZ6H6zzDEAqHf2319

https://www.instagram.com/murat.km_ - менің инстаграмм парақшам 7-ші(шы) парақша