Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Шұғаның белгісі. Бейімбет Майлин.mobi.rar Шұғаның белгісі Бейімбет Майлин Повесть «Шұғаның белгісі» - қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі. Мұнда кейіпкер образдары біртіндеп, оқиға желісі бойынша, басынан өткен істердің арқасында анықталып, көрініп отырады. Махаббатқа деген адалық, ақылдылық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба салт-дәстүрге сіңіріле отырып баяндалған. Жазушы Шұғаның ажарлығымен қоса мінезінің салмақты, ұстамды, ақылды екенін көрсетеді. Өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді. Әрине, бұл көпке күйе жағу емес. Ал «Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді» деу арқылы Шұғаның зеректігінен, білімпаздығынан хабар береді. Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22577/
/Content/Books/Mienin' atym K'ozha.mobi.rar Менің атым Қожа Бердібек Соқпақбаев Балалар әдебиеті Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.
/Content/Books/Balalyk' shak'k'a saiakhat.rar Балалық шаққа саяхат Бердібек Соқпақбаев Балалар поэзиясы. Драма. Қазақтың классик жазушысы Б.Соқпақбаевтың кез-келген туындысын оқыған адам шынайы сурет пен баланың аңғал мінезімен өрілген ауқымды тақырыптың астарына жолығады. Шебер суреткердің әйгілі шығармаларының қатарында «Балалық шаққа саяхат» повесінің орны бөлек.

Ақпан Наурыз айында программирование бойынша курсымды ашамын. Жазыламын десеңіз, төмендегі форма сіз үшін:

https://forms.gle/NZ6H6zzDEAqHf2319

https://www.instagram.com/murat.km_ - менің инстаграмм парақшам 4-ші(шы) парақша