Кітаптар тізімі

Қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын электронды форматта тегін жүктеп, оқыңыздар.

Электронды кітапты жүктеп алу үшін кітаптың атын басыңыз

Кітаптың атауы:

Атауы Автор Жанр Аннотация
/Content/Books/Гулливердің саяхаттары.   Джонатан Свифт.mobi.zip Гулливердің саяхаттары Джонатан Свифт Ғажайып оқиғалы роман 1726 жылы, «Робинзон Крузодан» кейін арада бар-жоғы жеті жыл өткен кезде, абырой-даңқы Дефо шығармасынан кем түспейтін осы «Гулливердің саяхаттары» өмірге келген еді. Мұнда әуелде оташы, кейіннен бірталай кемеге капитан болған Гулливердің дүниенің . түкпіріндегі бірнеше елге жасаған қызықты саяхаттары баяндалады Бұл шығарма - бір жағынан әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар жайындағы өткір мазмұнды роман-памфлет. Балаларға ғана емес, үлкендерді де терең ойға бастайтын сатиралық-философиялық тамаша туынды.
/Content/Books/Дулат Исабеков. Қарғын.mobi.zip Қарғын Дулат Исабеков Роман “Қарғын” романы алғаш рет 1980 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. Кітап баспадан шыққан бойда жастардың сүйіп оқитын шығармасына айналды. Романның негізгі оқиғасы Алматы қаласында өтеді. Негізгі идеясы – адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету. Шығарманың басты кейіпкері – атышулы жас жазушы Жасын және жоғары оқу орнына енді ғана түскен стдудент қыз Бағила. Жасын Мәдиев – ойы алғыр, өмір шындығына жасқанбай тура қарайтын талантты жазушы. Оның Бағилаға деген шынайы сезімі де өз мінезі сияқты қайшылыққа толы, тіпті, ішкі жан-дүниесінің өзімен-өзі арпалысы кезінде байқаусыз жас қыздың арына тиетін де сөздер айтып қалады. Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/syn/28205/
/Content/Books/Ақбілек. Жүсіпбек Аймауытов.mobi.rar Ақбілек Жүсіпбек Аймауытов Роман Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі.

t.me/kozachkow - Журналист Козачковтың телеграм-каналы: Қазақстанда болып жатқан заңсыздықтарға тәуелсіз көзқарас

Сайтты қолдағыңыз келсе немесе маған кофе сатып алып бергіңіз келсе, +7 777 312 0496(Kaspi Gold) нөміріне 100-200 теңге жіберсеңіз болады).

7-ші(шы) парақша