Күйші

Ілияс Жансүгіров


Image
Поэма
Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында он саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінің құдіретін жыр өрнегімен асқан ақындық шеберлікпен суреттеген. Поэмада ақын халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. Күйші Кене ханның ақ ордасында дүйім жұрт алдында «домбыраны дірілдетіп», жиылған қауымды тамсандыра өнер көрсетеді, күйге де, өзіне де таңдай қақтыра сүйсіндіреді. Сол күйлердің құдіретіне «қырдағы қоян, құлан, құлақ тігіп, қамыстан жолбарыс та ыңыранды», «табиғатта тып-тыныш бола қалды» деп өрнектейді. Алуан үнде сөйлеген күйге айналадағы бар жан құлақ түре сүйсінді. Күйші жігіттің күйі қолында ақ найзасы жарқылдаған, қол бастаған қас батыр Кене ханды да бейжай қалдырмайды.
Күйші.mobi Күйші.fb2 Күйші.epub Күйші.docx